АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ТУРАЛЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТ

 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ ТУРАЛЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТ

2018 жылғы 1 маусымында ТРМК Акмола облысы бойынша департаменті Мемлекеттік рәміздерге арналған ұлттық мереке қарсаңында Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия отырысын өткізді.

Комиссия отырысында жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралды.

Осылайша, Департамент Ақмола облысының білім басқармасымен бірлесіп ағымдағы жылдың маусым айында Қорғалжын және Целиноград аудандарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен Мемлекеттік Туының – стандарты бойынша бұзушылықтар анықтады.

Мониторинг жасалған аудандық сот, №1 агротехникалық колледжі, Ә.Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі мен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептері бойынша маңдайша жазуларының (ҚР СТ 989-2014) ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ұлттық стандартына сәйкес (көлемді орындалуы) келмеуі анықталды. Сонымен қатар осы өңірлердің әкімдіктерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасының талаптарын сақтау және орындау бойынша қабылданған шаралары туралы ақпарат тыңдалды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкессіздіктерді жою үшін облыстың мемлекеттік және уәкілетті органдарына тиісті нұсқаулар берілді.