АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ОЙЫНШЫҚТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ОЙЫНШЫҚТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ТАЛАПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

2018 жылдың 7 маусымында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде балаларға арналған ойыншықтарға қойылатын міндетті талаптар талқыланды.

«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес, ойыншықтарға бірқатар қауіпсіздік талаптары қойылады, олардың ішінде химиялық, механикалық, гигиеналық, электрлік және т.б.

Әрбір критерий бойынша қауіпті ойыншықтардың дәрежесін анықтау үшін аккредиттелген сынақ зертханалары тексереді және өнімнің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі жағдайында сәйкестікті бағалау жөніндегі орган өтініш берушінің сәйкестік сертификатын береді. Осыған байланысты, ойыншық сатып алған кезде сатып алушы ойыншықтың қауіпсіздігін растайтын құжатты, яғни сәйкестік сертификатын ұсынуы керек.

Сонымен қатар, ойыншықтарды сатып алғанда, келесідей маңызды мәселелерді есте сақтап, назар аударуы қажет. Ойыншықты пайдаланған кезде балалардың өмірі мен денсаулығына, және оларға қарайтын адамдарға қауіп төндірмейтін етіп жобалануы және жасалуы керек, және қауіп келтірмеуі тиіс: ойыншықтың конструкциясы; пайдаланылған материалдары. Ойыншықтарды пайдалану қаупі балалардың жас ерекшелігіне байланысты болуы керек.

Кез-келген ойыншықтың мемлекеттік және орыс тілдерінде белгіленуі керек екенін атап өткен жөн. Ойыншықтардың таңбалануы сенімді, тексеруге болатындай анық, оңай оқылатын және тексеру және сәйкестендіру үшін қол жетімді болуы керек. Таңбалауда мынадай ақпарат болуы тиіс: ойыншықтың атауы; ойыншық жасалатын елдің атауы; өндірушінің атауы және орналасқан жері (импорттаушы-уәкілетті тұлға), импортер, олармен байланыс үшін ақпарат; өндірушінің тауар белгісі (бар болса); Ойыншық немесе баланың жасы ең төменгі жасы; негізгі құрылымдық материал (3 жасқа дейінгі балалар үшін); ойыншыққа күтім жасау тәсілдері (қажет болған жағдайда); дайындаған күн (ай, жыл); қызмет ету мерзімі немесе жарамдылық мерзімі (белгіленген болса); сақтау шарттары (қажет болған жағдайда).

Кеден одағының аумағында ойыншықтар сертификаттау түрінде міндетті расталуы тиіс.

Осыған байланысты, сәйкестікті растаудан өткен ойыншықтар Сіздің балалардың денсаулығына зиян келтіре алмайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда, ТРМК Алматы қаласы бойынша Департаменті телефонына хабарласуға болады: 303-88-52, 243-10-87, e-mail: ktrm_almaty@mail.ru.