ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕАЭО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕАЭО ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР ЖОБАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 26 маусымында ҚР ИДМ ШҚО бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаментінде ЕАЭО келесі техникалық регламенттерінің жобаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті: «Химиялық заттар және қоспалар тізімін қалыптастыру мен жүргізу және жаңа химиялық заттектерін нотификациялау тәртіптері жобалары», «Жеңіл рельстік көлігі, трамвайлардың қауіпсіздігі туралы», «Жоғары вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы».

Жобаларды талқылауға мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта өнімдерге және олардың компоненттеріне қойылатын міндетті талаптар, оның ішінде олардың қауіпсіздігін анықтайтын талаптар ЕАЭО  мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасында белгіленбейді. Бұл жағдай тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырмайтын, әділетсіз бәсекелестік пен адал өндірушілердің құқықтарын бұзатын сапасыз өнімдердің пайда болуына әкеледі.

Жоғарыда көрсетілген техникалық регламенттердің жобаларын қабылдау кезінде бұл мәселелер шешілетін болады, өйткені өнімге қойылатын бірыңғай ең төменгі міндетті талаптар белгіленеді.

Кездесу соңында шақырылған қатысушылар нормативтік құқықтық актілердің техникалық регламенттердің жобаларын талқылауға белсенді қатысқаны үшін ұсыныстарын айтты және алғысын білдірді.