
2016 жылдың 20 мамырында техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Бүкіләлемдік метрология күні» мерекесі қарсаңында «Динамикалық әлемдегі өлшемдер» атты тақырыпта облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарының метрологтарының қатысуымен, метрологиялық өлшемдердің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «дөңгелек үстел» өткізді.
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы – Кеулімжаев Ерқанат Бозқұланұлы, спорт, медицина, сауда саласындағы, жалпы қоршаған ортадағы өлшеу түрлері жайлы түсіндіріп өтті.
«ҰлтССО» АҚ ҚФ директоры - Әмірғалиұлы Әбдіғаппар қонақтарға мерекелік құттықтау сөзін жолдап, химия өнеркәсібінде, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және күнделікті өмірде өлшем жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы – Әбдікәрімова Айгүл Жақсылыққызы, «Өлшем құралдарын тексеру» тақырыбында баяндама жасады.
«ҰлтССО» АҚ ҚФ метрология бөлімінің басшысы – Н.Д.Ленева «Өңірдің өлшем құралдарын калибрлеу саласындағы жұмыстардың дамуы» тақырыбындағы баяндамасымен жалғастырды.
«Квант» ЖШС директоры – Шәйімқұлов А., «Метрология саласын дамыту» тақырыбы бойынша түсініктеме берді.
«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, толықтай және тыңғылықты жауаптар берілді.
