2015-2019 ЖЖ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИНОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢ АЛҒАШҚЫ ҚУАТТЫЛЫҒЫ 197,1 МЫҢ ТОННА ЖАЛПАҚ ШЫНЫ ӨНДІРІСІНІҢ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСУ

 2015-2019 ЖЖ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИНОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢ АЛҒАШҚЫ ҚУАТТЫЛЫҒЫ 197,1 МЫҢ ТОННА ЖАЛПАҚ ШЫНЫ ӨНДІРІСІНІҢ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСУ

2016 жылдың 17 мамырында техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаменті қызметкерлері  РМК «Стандарттау және сертификаттау институты» Қызылорда филиалы өкілдігімен бірлесіп, техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау саласындағы, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Ресупбликасының заңамасын түсіндіру, сондай-ақ сұрақтарды талқылау және оларды шешуге қөмектесу мақсатында,  «Orda Glass Ltd» ЖШС кәсіпорынына барды.

Қызылорда  жалпақ шыны өндірісі бойынша зауыт құрлысының жобасы «Байтерек» Холдингінің  еншілес құрылымдары «Қазақстан инвестициялау қоры» (ҚИҚ) АҚ, «Қазақстан даму банкі» (ҚДБ) АҚ қатысумен іске асырылуда. Жобаға жалпақ шыны өндірісі бойынша басқаруда және құрылыста қажетті тәжіриебиесі бар, шыны өнімдерін дайындауда ең соңғы жоғарғы  технология бойынша патенттері бар стратегиялық серіктес –  “StewartEngineers, Inc” атты американдық компания  тартылды.

Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 197,1 мың тонна немесе тәулігіне 600 тонна шыныны құрайды. Жобаның операторы - «Orda Glass Ltd» ЖШС.

Жобаның жоспарланған өтелімдік мерзімі-11 жыл. Жобаны іске асыру барысында 300 тұрақты жұмыс орны, құрылыс кезінде 500 орынды құрайды. Пайдалануға 2017 жылдың екінші тоқсанында беріледі.

Жобаны іске асыру нәтежиесінде қазіргі уақытта 100% шетелден әкелінетін, импортталатын құрылыс материалдарына Қазақстанның тәуелділігі төмендейді. Шығарылатын өнімнің 70%-ы ішкі нарыққа, 30%-ы экспортқа жеткізіледі деп жоспарлануда. Жоба 2014 жылдың 28-ші қантарынан бастап «Байтерек» «Ұлттық басқару Холдингі» АҚ  Инвистициялық комитетінің шешімімен «стратегиялық инвестициялық жоба» болып табылады.

«Orda Glass Ltd» ЖШС басқармасы төрағасы Ибрашев Дауренмен кездесу барысында жоспарланған зертхананы қажетті жабдықтармен жыбдықтау,  сондай-ақ менеджмент жүйесін енгізу және техникалық мамандарды оқыту талқыланды.

«Orda Glass Ltd» зауытының өкілі қонақтарды зауыттың жобасымен, сонымен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы жоспарларымен таныстырды. Талқыланған сұрақтардың арасынан мынадай сұрақтар орын алды: дайын өнімнің түрлері, орау және таңбалау, география (экспортқа және импортқа қатысты), СТ КЗ сертификаты, техникалық регламент, нормативті құжаттар, сәйкестікті бағалау және метрология, менеджмент жүйесі және т.б.

Сонымен қатар департамент және филиал  өкілдері қажетті стандарттарды алдын-ала  қарап шығып, болмаған жағдайда, мемлекеттік стандарттау жоспарына қосу үшін уакілетті органға ұсыныс жіберуін үндеді.

Ұсынысқа жауап ретінде, қуаттылықты үнемдеу шынысы негізінде ұлттық стандартын дайындау ұсынысы қаралуда және жақын арада шешім қабылданатыны айтылды.

«Orda Glass Ltd» зауытының өкілдерімен департамент және филиал  өкілдерінің кездесуінің қортындысы бойынша, Өңірлік штабының кезекті жоспарланған кеңесінде «Ғимараттар және құрылыстардың, құрылыс материалдарымен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» КО ТР күшіне енгізуге қатысты өзекті сұрақтарды көтеру туралы шешімге келді.