Ағымдағы жылдың 13 қарашада Техникалық реттеу және метрология Комитетінің ШҚО бойынша департаментінің мамандары мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру мақсатында ШҚО ДСБ «Күршім ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК медицина қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Департамент мамандары өлшеу құралдарын тексеру кезінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуге қатысты өлшеу тізбесінің қолданылуын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Жұмыс кездесуі барысында өлшеу құралдарын тексеру жиілігі, олардың жұмыс істеу шарттары, сондай-ақ жұмыста пайдаланылатын сынақ жабдығын аттестаттауға қатысты сұрақтар келіп түсті.
Жұмыс кездесуі кезінде өлшеу құралдарын, сондай-ақ жиынтықта өлшеу құралдары қолданылатын бұйымдарды қайта консервациялау кезінде өлшеу құралдарына кезектен тыс тексеру жүргізу түсіндірілді.
Сондай-ақ карантин кезеңінде өлшеу құралдарын қолдануға қойылатын талаптар түсіндірілді.
Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға Департамент маманы толық жауап берді.