
Қазақстан экономикасы салаларының белсенді дамуы, техникалық жаңғыртудың арқасында өнеркәсіптік қуатты арттыру және әлемдік экономикалық қауымдастыққа бірігудің артуы қолданыстағы білім жүйесін бейімделуді және өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасына жаңа биіктіктерді бағындыратын жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етеді.
Әрине, стандарттау, метрология және аккредиттеу саласындағы білім, дағдылар және тәжірибе әркім үшін ойлаудың жаңаша жолын қалыптастырады және әлдеқайда сапалы, инновациялық және бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтерді өндіруге бағытталған экономика салаларының ғылыми-техникалық сұрақтарын кәсіби шешу үшін зор үлесін қосуда.
Біздің күнделікті өміріміз стандарттау, метрология және аккредиттеу құралдарымен байланысты, мысалы: уақытты тексеру, азық-түлік өнімдерін өндіру немесе сатып алу, автокөлікке жанармай құю немесе қан қысымын тексеру.
Стандарттау, метрология және аккредиттеу құралдарын мектеп қабырғасынан бастап мультипликативті хабардар ету өндірушілерді әлдеқайда сапалы және қауіпсіз өнім өндіруге ынталандыру деп есептейміз.
«Сапа - дүкенге өнім емес, сатып алушы қайтып келеді» ұғымы біз - хабардар тұтынушылар, бәсекелестік нарықтан жоғары сапалы және қауіпсіз өнімдер мен қызметтерді талап еткенде ғана өзекті болады.
Оқу жүйесінің бейімделуінің алғашқы қадамы болып ҚР инвестиция және даму Министрлігі мен ҚР ғылым және білім Министрлігі арасындағы бекітілген қажетті шаралардың біріккен Жобасын анықтайтын ортақ Бұйрыққа қол қою болып табылды.
Екіжақты жұмыстың қортындысын атап өтсек - 5B073200«Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы екі бөлек «Стандарттау және сертификаттау» және «Метрология» мамандықтарына бөлінді. Бұл мамандықтың нақты саласы бойынша техникалық реттеу және метрология облысындағы экономика саласының мәселелерін шешетін жоғары білікті мамандарды дайындап шығаруға мүмкіндік береді. Артынша, жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жоспарлары қайта қаралатын болады.
Маңыздысы, біріккен Жоспар біздің тақырып бойынша (техникалық реттеу, стандарттау, сертификаттау, метрология және аккредиттеу) оқытушылар құрамынан бастап студенттер мен мектеп оқушыларын қоса алғандағы білім трансферін ұйымдастыруды қарастырады. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, біздің тақырыптың негізі мектеп қабырғасынан басталады. Оқушыларға сапамен қамтамасыз ету, тұтынушы мәдениеті, сапа мәдениеті сынды негізгі білімді беру жоспарлануда, ізінше, біздің болашақ балалар өнімнің затбелгісіне назар аударатын болады және оның сапасын анықтауға, өнім қауіпсіздігіне мән беретін болады.
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Техникалық реттеу басқармасының Басшысы Мейірбаева Ғалия-Бану Ондасынқызы