
Дүниежүзілік аккредиттеу күні 2016 жылы ұлттық және жергілікті басқару, реттеуші органдар – мемлекеттік органдардағы барлық салалар үшін құрал ретінде аккредиттеуді қолдауға бағытталған.
Аккредиттеу Үкіметтің өңірлік, ұлттық және халықаралық мүдделеріне қызмет ететін жаһандық құрал болып табылады.
Отырыстың шеңберінде өнімнің сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік саясаттың шешіміндегі аккредиттеудің рөлін және маңызын, сондай-ақ ұлттық аккредиттеу жүйесін дамыту перспективаларын қарау және талқылау жоспарланып отыр.
Отырысқа қатысушылар ретінде мәлімделгендер ішінде мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтардың, қоғамдық бірлестіктердің, сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың өкілдері, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар бар.