«ІШКІ НАРЫҚТА ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІҢ САПАСЫ» ДФЭ ЖБИ КӨРСЕТКІШІН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

 «ІШКІ НАРЫҚТА ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІҢ САПАСЫ» ДФЭ ЖБИ КӨРСЕТКІШІН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Дүниежүзілік экономикалық форумның «Ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасы» Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткішін жақсарту үшін Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 2018 жылғы 29 маусымда «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңдары талаптарының сақталуына «Долголет» ЖШС-де дөңгелек үстел өткізді.

Медициналық аспаптарды сататын кәсіпорынның назарына азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған және өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау қажеттілігі туралы Заңдарының мақсаты мен міндеттері жеткізілді. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары, соның ішінде пайдалану кезiнде салыстырып тексерiлуге жататыны түсіндірілді. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы»   ҚР заңдарының талаптарының мүлтіксіз сақталуының маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді.

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша тұшымды пікір алмасу болды, қатысушылардың қойған сұрақтарына толық жауаптар берілді.