2016 ЖЫЛҒЫ 21 СӘУІРДЕ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

2016 ЖЫЛҒЫ 21 СӘУІРДЕ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Отырыста «Азаматтық қорғанысқа арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғауға арналған өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттерінің жобалары талқыланды.

Өз сөзінде департаментінің бөлім басшысы Айгүл Ахтаева белгіледі, адам өмірі мен денсаулығын, мүлкін, қоршаған ортаны, аңдар мен өсімдіктердің денсаулығы мен өмірін, тұтынушылардың алдануына әкеп соғатын әрекеттерден қорғау, сонымен қоса энергетикалық тиімділікті және ресурсты үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтық қорғанысқа арналған өнімдер қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламент (ТР) жобасы әзірленді.

Техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одағының аумағында қолданылатын өнімнің қауіпсіздігін талаптарын қолдану және орындау үшін, Одағының аумағында айналымға түсетін азаматтық қорғанысқа арналған келесі өнімдерге таратылады:

1.     Азаматтық қорғаныстың қорғау ғимараттардың техникалық құралдар, оларға жататыны:

- азаматтық қорғанысты орнататын бұйымдар және қорғаныс -  герметикалық құрылғылар;

- желдеткіш агрегаттар, сүзгілер және қорғаныс орнатқыш регенерация қондырғылары.

2.    Азаматтық қорғаныстың техникалық құралдары, оларға жататыны:

- азаматтық қорғаныстың басқарма және байланыс техникалық құралдары;

- әскери шараларды жүргізу кезінде туындайтын қауіптер жайында, сонымен қоса төтенше жағдайларда халықты хабарландыратын техникалық құралдар.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғауға арналған өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламентінің жобасымен департаментінің жетекші маманы Нурлан Сейдалин таныстырды.

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығының орынбасары Канат Доспаев өз сөзінде азаматтық қорғау бөлімшесіндегі негізгі міндеттерді белгіледі.

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар Комитетінің Көкшетау техникалық институтының оқу жұмысының бастығының орынбасары Евгений Тимеев институтының қызметі және біліктілік мамандарды дайындау маңыздылығын туралы айтты.

Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар Кеден одағының техникалық регламенттерінің жобаларына қатысты өз сұрақтарына жауап алды.

Техникалық регламенттер және олардың жобаларымен http://www.eurasiancomission.org/ Еуразиялық экономикалық комиссия сайтында толығырақ танысуға болады. Ескертулер және/немесе ұсыныстар болған жағдайда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне немесе оның аймақтық департаменттеріне сәйкесінше хат жолдауға болады.