ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ КЕДЕН ДЕЛДАЛДАРЫМЕН ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КЕДЕН БЕКЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ

ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ КЕДЕН ДЕЛДАЛДАРЫМЕН ЖӘНЕ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КЕДЕН БЕКЕТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗДІ

2016 жылғы 21 сәуірде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Еуразиялық экономикалық одақ және ұлттық заңнама талаптарына өнімнің сәйкестігін растау рәсімі жүргізу тәртібі туралы түсіндіру бойынша дөңгелек үстел жүргізді.

Аталмыш шараға бизнес өкілдері – кеден делдалдары, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Орал-ЦТО» кеден бекеті қызметкері В.А.Жигалин және Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының СЭҚ бөлімінің бастығы Э.Б.Утешева қатысты.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Салтанат Камешева сәйкестігі міндетті түрде растауға (сертификаттау және декларациялау) жататын өнімнің нарықтағы айналымының басты шарты оның техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға сәйкестігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысымен бекітілген Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесіне (2015 жылғы 27сәуірдегі өзгерістермен), сондай-ақ 2011 жылғы 7 сәуірдегі №620 Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде бірыңғай құжаттар берумен сәйкестікті міндетті түрде бағалауға (растауға) жататын өнімбердің бірыңғай тізбесіне (2014 жылғы 2 желтоқсандағы №214 ЕЭК Кеңесінің шешімімен енгізілген өзгерістермен) енгізілген өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растаудан өткізу болып табылатындығын түсіндірді.

Департамент басшысы Қазақстан Республикасының күші бар техникалық регламенттерін және Кеден одағының күшіне енген 34 техникалық регламентін, өнімнің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын Кеден одағының сынақ зертханалары мен сертификаттау бойынша органдарының бірыңғай тізімдемесін слайдпен көрсетті. Сонымен қатар, сәйкестікті бағалаудың нысандары, сұлбалары және рәсімдері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бекітілетін сәйкестікті бағалаудың типтік сұлбалары негізінде Кеден одағының техникалық регламенттерінде белгіленген. Өнімнің сертификатқа сәйкестігін идентификациялау кезінде сертификатта өнімнің үлгісі, типі, серия номері, өнім партиясы, нақты өнімді нақты сертификатқа жатқызуға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер көрсетілуі керек.

Өнімді сертификаттау рәсімін талқылау барысында Кеден одағының «Машина және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін растауға жататын техникалық реттеу объектілерінің тізімдемесінде СЭҚ ТН кодтары жоқ немесе Кеден одағының кейбір техникалық регламенттерінде төрт саннан тұратын СЭҚ ТН көрсетілген, осылайша өнімнің сәйкестігін растау бөлігінде СЭҚ қатысушыларды қателесуге әкеледі және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне үнемі жүгінуге алып келеді.

Өзекті мәселелерді талқылау соңында Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасының СЭҚ бөлімінің бастығы жазбаша түрде Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасына жүгінуді ұсынды.