
2016 жылғы 20 сәуірде Батыс Қазақстан облысында 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы және Техникалық реттеу және метрология жүйелерін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспар шеңберінде техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша 3 күндік үйретуші семинар басталды.
Аталмыш шара Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің бас корпусында өтіп жатыр.
Үйретуші семинарды Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Салтанат Камешева ашып, бағдарламаның мақсаты халықаралық стандарт талаптарына сәйкес техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы әр түрлі деңгейдегі қызметкерлердің (қатардағы маманнан бастап инженерлер мен менеджерлерге дейін) кәсіби біліктілік деңгейін арттыру және жетілдіру болып табылады, бұл алдағы уақытта тәжірибе жүзінде барлық қажет құралдарды дұрыс және тиімді қолдануға, өнімді өндіруді және қызмет көрсетуді жақсартуда жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
2015 жылы Батыс Қазақстан облысында техникалық реттеу және метрология саласында 53 маман өз біліктілігін арттырғанын айтып өтті, оның ішінде 21-і мұнай өңдеу саласындағы кәсіпорындардың мамандары және 32-сі құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың мамандары болып табылады. 2016 жылы азық-түлік саласындағы кәсіпорындардың, сонымен қатар автокөлік жолдарының қауіпсіздігі және дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі мәселелері бойынша мүдделі кәсіпорындардың мамандары қамтылады.

Білім беру циклі ең өзекті мәселелер бойынша 3 күндік күндізгі оқудан тұрады:
1 күн – Техникалық реттеу, стандарттау, Қазақстан Республикасының заңнамалары. Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасы;
2 күн – Заң шығарушы және қолданбалы метрология негіздері. Қазақстан Республикасында менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу;
3 күн – Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптары;
Жобаның маңыздылығын ескере отырып, өндірістің басым секторының жетекші мамандары, Қазақстан Республикасының және Кеден одағының техникалық регламенттерінің дайындаушылары және түрлі бағыттар бойынша сарапшы-аудиторлар сараптық дәрістер оқиды.
«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының орынбасары Еркежан Амирханова «Қазақстан Республикасындағы техникалық реттеу. Қазақстан Республикасының техникалық регламенттері. Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасы» тақырыбына дәріс оқиды және ТДК-42 телеарнасына сұхбат берді.
Алдағы уақытта мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады және көптеген салаларды қамтитын болады.