
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ҚФ –мен бірігіп, стандарттау саласында жаңадан қабылданған нормативтік құжаттарды түсіндіру мақсатында «Жалпықұрылысты цементтер.Техникалық шарттар» МЕМСТ 31108 мемлекетаралық стандартының жобасын талқылауға құрылыс саласындағы кәсіпкерлік субъектілердің қатысуымен үстіміздегі жылдың 15 сәуірінде «дөңгелек үстел» өткізілді.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бөлім басшысы – Қамзаев А., кіріспе сөзінде МЕМСТ жобасының Ресей Федерациясының техникалық реттеу және метрология Федералды агенттігінің талқылануына енгізілгенін және МЕМСТ жобасы МЕМСТ 31108 орнына сәйкес әзірленгендігіне тоқталды.
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ ҚФ тауардың сәйкестігін растау бөлімінің жетекші маманы – Шаханова Бахыт «Жалпықұрылысты цементтер.Техникалық шарттар» МЕМСТ 31108 мемлекетаралық стандартының жобасы жөнінде төмендегідей сұрақтарға тоқталды: 1. Қолданылу аясы.
2. Нормативтік сілтемелер.
3. Материалдарға қойылатын талаптар.
4. Жіктелуі.
5. Техникалық талаптар.
6. Қауіпсіздік талаптары.
7. Қабылдау ережелері.
8. Сапа деңгейінің сәйкестігін растау.
9. Сынау әдістері.
10. Тасымалдау және сақтау.
«Дөңгелек үстел»-ге қатысушыларының барлық сауалдарына толықтай және тыңғылықты жауаптар берілді.
Техникалық реттеу және метрология
комитетінің Қызылорда облысы
бойынша Департаменті