ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА «ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ДАЯРЛАУ» ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА «ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ДАЯРЛАУ» ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Осы жылдың 18 және 20 сәуір аралығында Тараз қаласында  арнайы оқыту жобасы мынадай тақырып бойынша: «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және даярлау» атты аймақтық семинар өткізілді. Іс шараның өткізудің мақсаты 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-иновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын тарату бойынша іс шара жоспарын, 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін женілдіру бойынша кешенді жоспрады жүзеге асыру болып табылады.

Оқыту аумағында металлургия, аргохимия және азық-түлік өнімдерін өндірушілері аумағындағы  сұрақтар талқыланды. Үш күн оқыту барысында қатысушылар техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы халықаралық стандартқа сәйкес қажетті ақпараттар алып, алдағы уақытта тәжірбиеде барлық қажетті құралдарды тиімді әрі дұрыс қолданып өнім өндірісімен қызметін жақсартуда жоғарғы нәтижелерге қол жеткізеді.

Іс шараға Тараз қаласының  Индустриализациялау картасына кірген ЖШС «Казфосфат», ЖШС «TalasInvestmentCompany», ЖШС «Жасулан и К», ЖШС «Арайстроймаркет-2003», ЖШС «Таразский металлургический завод», АҚ «Запчасть» сияқты мекемелер және де экспортқа шығаратын ЖШС «Казфосфат», АҚ «Жамбылгипс», ЖШС «КазФерро», ЖШС «Rola-7», ЖШС «Salangani», мекемелерімен ұйымдарынан келген 120 аса өкілдер қатысты.

Өткізілген іс шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат табысталды.