АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ҚОЛДАНУ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША СЕМИНАР

2016 жылдың 20-шы сәуірінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттары» 988-2007 ҚР СТ ұлттық стандарты және жаңадан қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттары» 989-2014 ҚР СТ стандарты, сонымен қоса олардың орналыстырылуы жөніндегі Ереженің талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізді .

Аталмыш шараға мемлекеттік мекемелердің басшылары, ішкі істер министрлігінің қызметкерлері,прокуратура қызметкерлері, жоғары және орта білім беру мекемелер мен денсаулық сақтау мекемелердің өкілдері қатысты.

Семинар барысында мемлекеттік рәміздерді қандай жағдайларда орналастыру міндетті болатыны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері аясындағы заңнама бұзылған жағдайда, өндірушілер мен тұтынушылар үшін қандай әкімшілік жауапкершіліктер қарастырылғаны туралы тақырыптар көтеріліп, өзекті мәселелер талқыланды.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасына талаптар орнататын жаңа стандарттың күшіне енуіне байланысты, осы стандарт талаптарына аса назар аударылып, тыңдаушыларға жаңа стандартпен ескі стандарттың айырмашылығы, оның қажеттілігі және әзірлену мақсаты түсіндірілді.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің берік негізінің бірі. Сондықтан аталмыш шараға қатысушыларға ҚР Мемлекеттік рәміздерін келешекте дұрыс қолдану барысында сұрақтар мен қиын мәселелер туындамас үшін өткізілді.

Семинар қорытындысы бойынша пікір алмасулар болып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, қатысушыларға келешекте туындаған мәселелер бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы бойынша департаментіне хабарласуға ұсыныс берілді.