
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мен «Қарағанды Су» ЖШС 2018 жылғы 4 шілдеде «Ішкі нарықта жеткізушілердің сапасы» Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін жақсарту мақсатында «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қарағанды, Теміртау қалалары және Ақтас кенті тұтынушыларына сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін кәсіпорынның назарына азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған және өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау қажеттілігі туралы Заңдардың мақсаты мен міндеттері жеткізілді. Сондай-ақ, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес пайдалануға рұқсат етілген өлшем құралдары қолдануға жіберілетіні атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері техникалық реттеу және метрология жөніндегі нормативтік құжаттарға қатысты сұрақтарға жауап берді.