
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Арқалық бөлімінің қызметкерлері 2018 жылдың 10 шілдесінде «Ажар» СО маталар мен материалдар сатумен айналысатын кәсіпкерлік субъектісімен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты «ҚР жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес Қазақстан нарығындағы маталар және материалдар сату саласындағы техникалық реттеу саласындағы заңнамасын түсіндіру болып табылады.
Осылайша, техникалық регламентке сәйкес механикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштерге қойылатын қауіпсіздік талаптарына жауап беретін маталар мен материалдарға рұқсат етіледі, ал материалдар мен маталардың иісі кәдімгі жағдайында 2 ұпайдан аспауы тиіс.
Сонымен қатар, маталар мен материалдарды таңбалауда қалыпты ылғалдылықта бөлшектердің массасы (трикотаж маталар үшін); түсті тұрақтылық (трикотаж және тоқыма талшықтары үшін); безендіру түрі; өнімге күтім көрсету суреттері үшін қосымша ақпарат болуы керек.
Сондай-ақ таңбалау мен ақпарат мемлекеттік және орыс тілінде немесе Кеден одағы мүшесінің тілінде ұсынылуы тиіс.
Нарықтағы айналымдағы маталар мен материалдар сәйкестікті декларациялау түрінде міндетті растау қажет.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушыларға сәйкестікті рәсімнен өткізілуі қажетті материалдар мен тоқыма материалдарының тізімі берілді.