
2019 жылдың 10 шілдеде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша техникалық оқыту өтті.
Осы іс-шараның мақсаты департамент қызметкерлеріне, бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және әкету кезінде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы, уәкілетті органға хабарлау тәртібін түсіндіру.
Сонымен қоса, өтініш берушілер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға хабарлауы және өтініш берушілердің өтініштері бойынша хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, өтініш жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушілерге, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелер берілетіні айтылды.
Оқудың қорытындысы бойынша, департамент қызметкерлеріне осы ақпаратты жұмыста қолдануы қабылданды.