
Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасын орындау шеңберінде 2018 жылғы 18 шілдеде БҚО кәсіпорындарын паспорттау нәтижелері бойынша қызметтік кездесу өтті.
Бұл іс-шараға ТРМК БҚО бойынша департаменінің басшысы Салават Вахитов қатысты.
БҚО-ның 64 кәсіпорынында машина жасау, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз және ағаш өңдеу, химия өнеркәсібі, целлюлоза және қағаз, құрылыс материалдары мен фармацевтика сияқты сегіз бағыт бойынша жүзеге асырылды.
Кездесу барысында аймақтағы тауар өндірушілердің алдында тұрған салық салу, ветеринария, техникалық реттеу, атап айтқанда, сертификаттау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесудің қорытындысы бойынша кәсіпорындардың өкілдеріне түсіндірулер мен тиісті ұсыныстар берілді.