
ШҚО тұрғындары соңғы кезде жиі таразыдан жеу немесе алақол кәсіпкерлердің ақшадан жеуіне шағымданады. Сатып алған кезде зейінді болыңыз, салмағына күмәнді болсаңыз, сатып алынған азық-түлікті бақылау таразасына салып өлшеңіз, сол жағдайда тауарды шынымен сатылған бағасымен не үш есе қымбат алғаныңызды көре аласыз.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша департаментіне Өскемен қаласының тұрғынынан азық-түлік сататын кәсіпкердің сауда орнында ақшадан және салмақтан жеуге шағым келіп түсті. Шағымда бұл сауда орны сатып алушыларды үнемі салмақтан жейді делінген.
Департамент нақты шағым бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, тексеру барысында сауда орнында орнатылған таразының тексерілмегені анықталды, оның нәтижесі кем өлшеу және салдарында сатып алушыларды ақшадан жеуге әкеліп соғуы мүмкін.
Нақты жеке кәсіпкер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 419 бабының 1 бөлігінің 4 тармағын бұзды, оның мазмұнында: "Мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын, түрін бекіту мақсаты үшін сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан, сондай-ақ салыстырып тексеруден өтпеген және (немесе) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын және стандарттық үлгілерді айналысқа шығару, қолдану, өткізу және жарнамалау түрінде жасалған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзу" делінген. Жеке кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынды, мерзімінде бұзушылықты жою туралы, сонымен қатар, нақты өлшеу құралын пайдалануға тыйым салу туралы ұйғарым берілді.
Осындай бұзушылықтармен кездескен жағдайда, Сізді техникалық реттеу және метрология комитетінің ШҚО бойынша департаментіне, Өскемен қаласы, Қазақстан к., 5, 312 кабинет мекен-жайы бойынша жүгінуіңізді сұраймыз немесе 26-73-58 телефон нөмірі арқылы кеңес алуыңызға болады.