МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ 2016 ЖЫЛДЫҢ 6 СӘУІРІНДЕ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТКЗІЛДІ.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ 2016 ЖЫЛДЫҢ 6 СӘУІРІНДЕ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТКЗІЛДІ.

Отырыс барысында мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы метрологияға қатысты сұрақтар талқыланды.

Негізгі бағыт, күрделі мәселелерді анықтау, мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы метрологияға қатысты сұрақтар бойынша ұсыныстар мен ескертулерді талқылау болып отыр.

Отырысты Маңғыстау облысы индустриальдық-инновациялық даму басқармасының басшысының міндетін атқарушы Қарасаев Нұрбек Қарасаевич төрағалық етті.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Иманбаев Бақыт Алтаевич «Маңғыстумұнайгаз» АҚ туралы мәлімет беріп өтті.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның өлшем бірліктерін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және байланыс Департаментінің директоры Мукашев Ербол Мурзабекович айтып өтті.

«Қазақстан метрология институты» РМК-ның бас директорының орынбасары Черкашин Денис Петрович қатысушыларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 484 қаулысы «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және жанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі жанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидалары мен талаптары туралы» таныстырды.

Сонымен қатар, отырыс барысында мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы метрологиялық қамтамасыз ету туралы «Тенгизшевройл» ЖШС-ның метрология бөлімінің жетекші маманы Шагиева Надия Какушевна айтып өтті.

Отырыстың қорытынды бөлімінде Маңғыстау облысы индустриальдық-инновациялық даму басқармасының басшысының м.а. Н.Қ. Қарасаев алға қойған тапсырмаларды орындау мақсатында аталған шаралар алдағы уақытта жалғасын табатындығына сенім білдірді. Сондай-ақ, қатысушыларды метрологиялық қызметке қатысты өздерінің ұсыныстарын белсенді беруге шақырды.