
2016 жылдың 07 сәуірінде Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) нормаларын түсіндіру бойынша семинар өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті» РММ Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас мамандары Тәттекенов Қоблан және Макеев Бахтияр түсіндірді.
Департаменттің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің жалпы ережелерімен, мінез-құлықтың стандарттарымен, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарымен, соңдай ақ көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарымен танысты. Департамент қызметкерлері әдеп жөніндегі кеңес қызметімен Қарағанды облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкілі туралы хабардар болды.
Департаменттің мемлекеттік қызметкерлерінің ойынша, семинар әсіресе бүгінгі мемлекеттік қызмет жүйесінде жүргізілген реформалар тұрғысында, маңызды және құрылымды.
