Елбасымыздың «Қазақстандықтардың жаңа толқынына сенім артамын. Сендер ел дамуының жаңа бағытының қозғалтқышы болуларың тиіс» деген сөздерің ескере отырып, біз өскелең ұрпағымыз өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің болашағы екенін түсінеміз. Жастардың біліміне жұмсалып жатқан инвестициялар еліміз үшін маңызды нәтижелер көрсетуде.
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің ынтымақтастың дамуына ықпал етіп жатқан ғылыми-техникалық бағыттағы белсенді жұмысы Павлодар облысы бойынша жүріп жатыр.

Департамент тарапынан Инновациялық Еуразия Университеті колледжінің жоғары курс студенттеріне «Техникалық реттеу жүйесінің өзгеруі және мемлекет пен қоғамның сапалы нарықтың қалыптасуындағы бірігуі» атты тақырыпта семинар ұйымдастырылды.
Кездесу барысында түрлендірудің негізгі кезеңдері, Еуразиялық Экономикалық Одақтың техникалық реттеуі, тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемдері, техникалық реттеу облысында мемлекет заңнамасы қозғалды.
Департамент мамандары болашақ әріптестерімен ТС/ЕАЭС техникалық регалменттерін, мемлекетаралық және халықаралық стандарттар жобаларын қарастырды, сонымен бірге техникалық регламенттер, стандарттарды енгізу бойынша Аймақтық жоспардың, соның ішінде Павлодар облысы ұйымдары мен кәсіпорындарында менеджмент жүйесі стандарттарының жүзеге асыру жолын айтып берді.
Түрлендірудің негізгі кезеңдері:
- Қазақстанның бизнес қоғамдастығы позициясын техникалық регламенттерді жасап шығару кезінде күшейту;
- Бизнес-қоғамдастықты стандарттарды жасап шығару үрдісіне тарту үшін, стандарттау бойынша Қазақстан Ресапубликасының техникалық комитеттерін сабағаттық-кеңесші органнан ұлттық стандарттарды жасап шығару бойынша сәйкес өкілеттігі бар, бәтуалдық орган статусына түрлендіру жолымен шарттарды жасау;
- Үшінші елдермен (экспорт және импорт) өнімнің сәйкестік сертификаттарын мойындау сұрақтарын шешу жолымен сауда шарттарын жасау;
- БСҰ-ға ену мен техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша Кедендік одақ қызметімен байланысты міндеттерді орындауға бағытталған шараларды қабылдау.
Студенттер теориялық дағдыларын нығайтып, сонымен бірге мемлекеттік метрологиялық бақылау жүзеге асырылатын ҚР Кәсіпкерлік Кодексімен танысты.