«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ТУРАЛЫ МАМАНДЫҒЫМ-МАҚТАНЫШЫМ

«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ТУРАЛЫ МАМАНДЫҒЫМ-МАҚТАНЫШЫМ

Техникалық реттеу және метрология жүйесін насихаттау, түсіндіру мақсатында техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті үстіміздегі жылдың наурыз айының 31-ші жұлдызында, Қызылорда «Ақмешіт» көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының биылғы түлектеріне арнап, «Мамандығым-мақтанышым» атты «дөңгелек үстел» өткізді.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Абдукаримова Айгүл Жақсылыққызы мамандық бойынша жан-жақты мәліметтермен түлектерді ақпараттандырды.

«Дөңгелек үстел» барысында – «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша бітірушілерге бағыт-бағдар көрсетілді. Бұл мамандық студенттеріне өлшеу және бақылау әдістері мен құралдары, өнім сапасын басқарудың статистикалық әдістері, өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету, өнім сапасы мен қауіпсіздігі, сапа менеджменті жүйесі, техникалық реттеу туралы мәліметтер берілді. «Дөңгелек үстел» барысында жан-жақты пікір алмасулар жүргізіліп, түлектердің көкейтесті сауалдарына толығымен жауап берілді.