
Айналымда жүрген сүттердің қауіпсіздік мәселелері Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентпен реттеледі. Осы техникалық регламент Кеден одағының аумағында шығарылатын сүт пен сүт өнімдеріне, оларды өндіру процестеріне, сақтауына, таңбалануына, тасмалдануына, әзірлеуіне және кәдеге жаратуына міндетті түрде қолдануға тиіс талаптарды орнатады. Ол Кеден одағының аумағында айналымға шығарылатын сүт пен сүт өнімдеріне және тамақ мақсатында қолданылатын, соның ішінде шикі сүт, сүт өнімдері, өндіру процестері, сақтауы, тасмалдануы сонымен қоса сүтті қайта өңдеуге арналған өнімдерді әзірлеуге қолданылатын функционалды компаненттерге таратылады.
Сапалы сүт бөгде жағымсыз иіссіз , ақ түсті, сарғыш реңді, тартымды тәтті дәмді болу керек. Егер де сүтте оған құрамдас емес дәм мен қандай да бір жағымсыз иіс болса демек ол қолдануға жарамсыз. Сүттің балғындық көрсеткіші 1ден 20-ға дейінгі Тернер көрсеткішімен шамаланатын оның қышқылдығы болып табылады. Қышқылдығы жоғарлаған кезде сүт ашыйды.
2014 жылдың 1 мамырында күшіне енген «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті сүт және сүт өнімдеріне қауіпсіздік талаптарын орнатады, осылайша Кеден одағы нарығында айналымда жүрген барлық сүт және сүт өнімдері осы техникалық регламент талаптарына сай болу қажет. Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін сүт және сүт өнімдері айналымға шығарылмайды, ал сәйкес өнім сәйкестікті растау рәсімдерінен кейін Кеден одағына мүше мемлекетерінің біріңғай белгісімен таңбаланады.
Техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің айналымға шығарылу фактілері анықталған жағдайда ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің аумақтық департаментеріне хабарласу қажет, ал сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар санының, сондай-ақ өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі кез келген орам түріндегi өлшеп оралған тауарлардың санының сәйкессіздігі анықталған жағдайда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаментеріне хабарласу қажет.
Кеден одағының техникалық регламентімен Еуразиялық экономикалық комиссияның http://www.eurasiancommission.org сайтынан танысуға болады.
Біздің мекен жайымыз: Астана қаласы, Дүкенұлы көшесі, 31 уй, телефон 270741, 270743, 270744, электронды мекенжай gosnadzor_astana@mail.ru.
Мұқыжанов Ғалым Ғабдуллаұлы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
ТРМК Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы.
