МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ КУРСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ КУРСЫ

2016 жылға дейін тілдерді дамыту бағдарламасы аясында, Астана қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді қолдану және дамыту жөнінде семинар-кеңес өткізді. Аталмыш семинарға мемлекеттік органдардың өкілдері, мектеп мекемелерінің, университеттердің мұғалімдері және Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілі Қабулова А.А. қатысты. 

Іс - шараның негізгі мақсаты мемлекеттік бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігін және іс - қағаздарын жүргізу кезінде тілдерді сапалы қолданудың дәрежесін көтеру.

Семинарда төмендегідей профессорлар мен доценттер сөз сөйледі:

- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының доценті Примашев Нұрзада Махамбетұлы «Ұлттық заңнаманың сапасы» тақырыбында;

- іс - қағаздарын жүргізу және аударма маманы Шоқаева Алма Әбдінасыр қызы «Құжат тілі: аударма дайындығы және ерекшелігі» тақырыбында;

- Астана медицина университетінің профессоры, медицина ғылымының кандидаты Мухамбедия Ахмет-Төре «Медицина саласындағы кейбір сұрақтардың аудармасы» тақырыбында.

Семинар соңында баяндамашылар мен қатысушылар арасында қызықты пікір алмасулар болып, мемлекеттік тілді қолданудағы күрделі мәселелер анықталып, оларды тезірек шешудің өңделген ұсыныстары берілді.