
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, 2016 жылдың 15 мамырында темекі өнімдеріне қойылатын жаңа талаптар күшіне енетіні туралы ақпаратты хабарлайды. 2014 жылғы 12 қарашада № 107 Кеден одағы комиссиясының шешімі бойынша «Темекі өнімдеріне техникалық регламент» қабылданды. Бұл техникалық регламент Кеден одағының кедендік аумағында , сондай-ақ ақпараттық талаптарына (таңбалау), айналымға шығарылатын темекі өнімдеріне Кеден одағының талаптарын Кеден аумағында қолдану және орындау үшін міндетті белгілейді, және оның еркін қозғалысын қамтамасыз етуге темекі өнімдерін сату, орау үшін қолданылады.
Бұл техникалық регламент адам өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға, оның нысаналы мақсатына және қауіпсіздігіне қатысты темекi бұйымдарын тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу, қорғау және кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылатын темекі өнімдерін жүзеге асыруға қабылданған.
Қазіргі техникалық регламент мынадай темекi бұйымдарына қолданылмайды:
а) кеден одағының кедендік аумағына зертханалармен, темекі өнімдерін өндірушілермен және (немесе) импорттаушылармен (бөлшек сауда) әкелінетін темекі өнімдерінің үлгілеріне, және сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға, сынақтар халықаралық стандарттарға сәйкестігін өлшеуге, зертханааралық салыстыру сынақтарын жүргізуге, нормаланаты параметрлерін Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін өлшеуге, жабдықтарды калибрлеуге, салыстырмалы тестілерге, дегустация жүргізуге, дизайнін үйренуге арналған өнімдерге;
б) кеден одағына аумағына халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге ұйымдастырушылармен немесе қатысушылармен үлгі және экспонаттар ретінде әкелінетін темекі өнімдеріне;
в) кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде сыртқы сауда келісім-шарттармен экспортталатын темекі өнімдеріне;
г ) шылымдық емес табак өнімдеріне.
Бұл техникалық регламент Кеден одағы аумағында айналымға шығатын темекі өнімдеріне, тұтынушылар үшін темекі өнімінің қаптамасынд жазылатын ақпарат (таңбалау), сондай-ақ нысандары темекі өнімдерінің сәйкестігін бағалау рәсімдеріне схемаларына, нысандарына міндетті талаптарды белгілейді.
Темекі өнімдерінің сәйкестігін бағалау мемлекеттік бақылау (қадағалау) түрінде немесе сәйкестікті бағалау түрінде жүргзіледі.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы айналымға шығарылмас бұрын, темекі өнімдері сәйкестiк декларациясы түрінде келесі схемалармен жүргізіледі:
а) темекі – 3д, 4д және 6д схемысымен;
б) темекі өнімдерінің басқа түрлері үшін – 1д және 2д схемасы.
Дара шығырылған темекіге сәйкестік декларациясы 3д және 2д схемасы бойынша, дара шығарылған темекі өнімдерінің басқа түрлері 1д схемасы бойынша, темекі топтамалары 4д схемасы бойынша, темекі өнімдерінің басқа түрлерінің топтамасы 2д схемасы бойынша жүргізіледі.
1д және 3д схемасы бойынша жүргізілген сәйкестік декларациясының жарамдылығы 3 жылдан көп емес мерзімді, 6д схемасы бойынша 5 жылдан көп емес мерзімді құрайды. Темекі өнімдерінің топтамасы үшін сәйккестік декларациясының жарамдылық мерзімі белгіленбейді.
Осы техникалық регламенттің және өнімге қарастырылған Кеден одағының басқа да техникалық регламенттерінің талаптарымен сәйкестігі бағаланған темекі өнімдері Кеден одағына мүше мемлекеттердің біріңғай белгісімен таңбаланады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің біріңғай белгісі кез келген тәсілмен қаптамаға айқын және түсінікті болып таңбалану қажет.
Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары осы техникалық регламент талаптарына және темекі өнімдеріне қарастырылған басқа да техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді Кеден одағы аумағына айналымға шығаруға жол бермеуге шаралар қолдануға және айналымнан алып тастауға міндетті.
Бұл жағдайда, уәкілетті орган қабылданған шаралар туралы түсіндірме мен дәлелдемелерді ұсына отырып щны қабылдаудың себебін көрсетіп одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ескертуге міндетті.
Техникалық регламентпен Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында (http://www.eurasiancommission.org) толығырақ танысуға болады. Техникалық регламент бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Техникалық реттеу және метрология комитетіне немесе Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық Департаменттеріне сәйкес хат жолдауға болады.

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, Дүкенұлы көшесі, 31. Телефон: 270741, 270743, 270744. Е-mail: gosnadzor_astana@mail.ru.
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы - Амантайқызы Айнұр.