
2016 жылдың 15 наурызында, Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында, «Әділет» тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірестігі, Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күніне орай мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы өкіметтің, қалалық тұтынушылар қозғалысының белсенділерінің, барлық дәрежедегі бизнес өкілдерінің және тұтынушылардың қатысуымен баспасөз конференция өткізді. Аталымыш конференцияға Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті өкілдері де қатысты.
Күн тәртібінде тұтынушылар мен кәсіпкерлердің мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасы аумағына кіргізілетін сапасыз өнімдерді нарыққа жібермеу жөніндегі мәселелер, тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары мен нормалары, сондай ақ техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің, сауда операцияларын жасаған кезде иеліктен шығарылатын тауарлар санын, сондай-ақ өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын тұтынушылар мен кәсіпкерлерге түсіндіру және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілікті және өнім сапасын арттару мәселелері талқыланды.
Баспасөз конференциясы соңында, іс-шара ұйымдастырушылары конференцияға қатысушыларды дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күнімен құттықтап, кәсіпкерлік саланы дамытуға белсенді үлес қосып жүрген тұтынушыларға грамоталар тапсырылып, барлық қатысушыларға алғыстарын білдірді.