ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТ

ЖАСАЛҒАН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТ

04.03.2016 жылғы дөңгелек үстел отырысының Хаттамасын орындау мақсатында 2016 жылы 10 наурызда АЭЗ «Морпорт-Актау» инвестициялық жобаларды жүзеге асырушылармен ТРМК Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің және «ҚазСтИн» РМК Маңғыстаулық филиалының басшыларымен, «ҚазМетрИн» РМК Өкілеттілігі, «Kazakhstan Pipe Traders» ЖШС уәкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.

«Kazakhstan Pipe Traders» ЖШС – «Морпорт-Актау» Арнайы экономикалық аймақта орналасқан инвестициялық жобаларға қатысушы болып табылатын, құбырларды өндіруші зауыт. Қазіргі таңда, «Kazakhstan Pipe Traders» ЖШС-і Маңғыстау облысы Әкімшілігі ықпалымен жобалар қатарына енгізіліп, қолданысқа енгізілуі ағымдағы жылға жоспарланған. 

Кездесу барысында кәсіпорын өкілдеріне мынадай түсініктер берілді:

- арнайы бекітілген Ережеге сәйкес, халықаралық стандарттарды қолдану және тіркелу бойынша;

- НТҚБМҚ интернет-дүкені көмегімен нормативті құжатты иемдену сұрақтары бойынша;

- өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бойынша;

- шеттен әкелінген өлшем құралдарын Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (ҚР МӨЖ) тіркеу жұмыстары бойынша.

Отырыста, қатысушы жақпен техникалық реттеу және метрология саласы бойынша, біріккен қызметтің басты бағыттары талқыланды. Қорытындылап келгенде, кәсіпорын уәкілдеріне өлшем құралдарын калибрлеу мәселесі бойынша «КазМетрИн» РМК-ның басшысына арнайы сұраныс хат жолдау ұсынылды.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті