ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА «КӘСІПОРЫНДАРДА САПА МЕНЕДЖМЕНТІН ЕНГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА «КӘСІПОРЫНДАРДА САПА МЕНЕДЖМЕНТІН ЕНГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНА СЕМИНАР ӨТТІ

2016 жылдың 17 наурызында Өскемен қаласында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен бірлесіп «Кәсіпорындарда сапа менеджментін енгізу» тақырыбына аймақтық үйретуші семинар өткізілді. 

Семинардың мақсаты: сапа менеджмент стандарттарын енгізуді насихаттау, соның ішінде ISO 14001-2015 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану бойынша нұсқаулық пен талаптары», ISO 22004:2014 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің сапа менеджментері. ISO 22004 қолдану бойынша нұсқаулық» стандарттарының басты ережелерімен таныстыру. 

Іс-шараға аймақтың тамақ өндірісі кәсіпорындарының технолог - инженерлері, сынақ лабораторияларының, экологиялық қызметтердің мамандары мен басшылары қатысты. Семинардың бірінші бөлімі қолданыстағы сапа менеджменттерін дамытуға тырысушы кәсіпорындарға; ISO 14001 стандартын енгізу туралы шешім қабылдаушыларға; қайта сертификаттауға дайындалушыларға; немесе экологиялық менеджменттің басқа сапа менеджменттерімен бірігуіне қажеттілік туындаушыларға пайдалы болды.

Дәріскер халықаралық стандарттарға сәйкес экологиялық менеджмент жүйесіне деген талаптар жайында, анықтамалар, кәсіпорындардың экологиялық ортасына ықтимал ететін сараптама мен факторларды бағалау (экологиялық аспекттер) жайында түбегейлі түсіндірме берді.

Семинардың екінші жартысында HACCP-ISO 22004:2014 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің сапа менеджменті. ИСО 22000 қолдану жөніндегі басшылық» қағидалары негізінде құрылған халықаралық стандарттың негізгі ережелері талқыланды. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі негізгі құрамдауыш сапаның бірі болып табылады. Сондықтан тамақ өнеркәсібінде өндірудің барлық кезеңдерінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін және мүмкін деген тұтынушылар қатерін төмендетуді қамтамасыз ететін менеджмент жүйесін дамыту алдыңғы орында тұр. Мұндай жүйе НАССР (қауіп-қатерлер сараптамасы және сындық бақылау нүктелерін анықтау) қағидаларына негізделіп құралған.

Семинар барысында дәріскерге экологиялық қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктерді нәтижелі басқару жүйесі, НАССР қағидаларына сәйкес өндірістік бақылауды ұйымдастыру, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджмент жүйесінің құжатталған жосығын дайындау жайында сұрақтар қойылды.

Семинардың пікір - сайыс және тыңдаушылармен тәжірибе алмасу ретінде өтуі алынған білімнің нәтижелілігін арттыра түсті. Семинар аяғында тыңдаушыларға сертификаттер табысталды.