
2016 жылы 17 наурызда Ескелді ауданында Техникалық реттеу және метрология Комитетінің департаментімен, «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалы, Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» Конституциялық Заңының нормаларын түсіндіру бойынша оқыту семинарын өткізді
Аталмыш семинарға мемлекеттік мекеменің басшылары, ауылдық округтің мамандары, білім басқармасының жауапты мамандары, ХҚО басшылары қатысты.
Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әбсамат Әбжапарұлы Әкімов Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолданудың жай-күйі туралы, соңғы кезде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері жиілеп кетті, жергілікті атқарушы органдарға қатысты, сапасыз дайындауы, соның ішінде нарықтағы ҚР мемлекеттік рәміздерінің тиісті ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес еместігі туралы, қолданысқа енгізіліп отырған ҚР СТ 989-2014 «ҚР Мемлекеттік елтаңбасы. Техникалық шарттар» проблемалық мәселелері бойынша айтты. «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалының жетекші маманы Мадина Жомартқызы Джелдагутова қатысушылардың назарына ҚР СТ 988-2007 және ҚР СТ 989-2014 презентациясын ұсынып және стандарттардың талаптарына қатысты түсіндіру жұмысын жүргізді.
Шараның мақсаты - Мемлекеттік рәміздерді қолдану және дайындау кезінде қателіктерді болдырмау мақсатында өндірушілер мен тұтынушыларды жаңа стандарттардың мазмұнымен таныстыру.