
2016 жылғы 17 наурызда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің алаңында төраға орынбасары Ғалымжан Тілектесұлы Дугаловтың төрағалық етуімен Халал өнімі мен көрсетілетін қызметтерді стандарттау, сертификаттау және таңбалау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Дін істер комитетінің, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Қазақстан Халал индустриясы қауымдастығының өкілдері, сонымен бірге Халал индустрия саласындағы өндіруші-кәсіпорындардың және Қазақстан жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің шеңберінде Халал бәсекеге қабілетті өнімнің сапасын қамтамасыз ету мақсатында стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу саласындағы іргелі талаптар мен қағидаларды анықтайтын Қазақстан Халал индустриясының саласындағы техникалық реттеуді дамытудың маңызды ролі туралы атап өткен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Бас директорының орынбасары Нұртас Әбітайұлы Өтешов сөз сөйледі.
Қазақстан Республикасында тұтас алғанда қолданыстағы ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкестікке Халал өнімнің және көрсетілетін қызметтердің стандарттау, сертификаттау және таңбалауды дамытуды баяндаған № 57 «Халал» Стандарттау бойынша техникалық комитетінің төрағасы Марат Әгибайұлы Сарсенбаев мазмұнды таныстыру рәсімімен сөз сөйледі. Сонымен бірге, шетелдік нарықтарға отандық Халал өнімін шығаруға жәрдемдесу бойынша Ресейден, Белоруссиядан, Хорватиядан, Малайзиядан, Сауд Арабиясынан және басқа елдерден әртүрлі шетелдік серіктестермен Қазақстан Халал индустриясы қауымдастығының белсенді іс-қимылы атап көрсетілген.
Өз тарапынан Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының (ҚМДБ) өкілдері ҚМДБ іс-әрекеті туралы ақпарат беріп, Халал индустриясын жүйелі дамытуда қызығушылық білдірді.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Қазақстанда Халал индустриясының бағытын одан әрі дамыту мақсатында барлық мүдделі тараптарды қатыстыру қажеттілігінің мәселесін пысықтауға және Халал индустриясының саласындағы сапа инфрақұрылымын қалыптастыруына арналған бірінші кезектегі іс-шараларды анықтауға шешім қабылданды.