АЛМАТЫДА «КӨЛІК ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ» КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АЛМАТЫДА «КӨЛІК ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ» КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2018 жылдың 25 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті жолдарға қойылатын талаптарды талқылады.

Бұл іс-шараның мақсаты жол қауіпсіздігінің талаптарын және олар қандай болуы керек екенін түсіндіру.

Көлік жолдарының, оның ішінде халықаралық көлік дәліздерінің қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен Бірыңғай экономикалық кеңістік құру аясында Кеден одағы комиссиясының шешімімен «Көлік жолдарының қауіпсіздігі» Кеден одағының техникалық регламентін бекітті.

Департамент басшысы Сауықбек Қапаев Техникалық регламентті әзірлеу кезінде ЕО елдерінде қолданылатын қағида пайдаланылады, ол ЕО директиваларын әзірлеу кезінде «жаңа көзқарас» деп аталатынын айтты.

Оның үстіне, бұл тәсіл қауіпсіздіктің қажетті деңгейін сапалы түрде айқындайтын айтарлықтай қажетті индикаторларды құру болып табылады.

Бұдан бөлек, техникалық регламентте техникалық реттеу объектілеріне қойылатын негізгі талаптар түрінде міндетті қауіпсіздік талаптары белгіленді, техникалық реттеу объектісіне тән қауіпті факторлар анықталды.

Техникалық регламент 2015 жылдың 15 ақпанында күшіне енді. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарында автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу, пайдалану, олардың талаптары күшіне енген кезде міндетті болады.

Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі техникалық  реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Алтынсарин даңғылы 83, байланыс телефондары: 8 (727) 303-88-52, 243-10-87. Электрондық адрес: ktrm_almaty@mail.ru.