
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК биыл 6-8-тамыз аралығында Шымкент қаласында техникалық реттеу және метрология саласындағы кадрларды дайындау бойынша оқыту семинарын өткізеді.
3 күндік семинар барысында мамандар бекітілген бағдарламаға сәйкес дәріс материалының толық курсын тыңдайды.
Тыңдаушыларға келесі тақырыптар түсіндірілетін болады:
- ЕАЭС шеңберіндегі техникалық реттеу саласының жаңалық. Техникалық реттеу саласындағы ЕЭК-нің өкімдері, жаңа шешімдері.
- Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру.
- Тауарлардың шығарылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
- «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» ҚР Заңы.
- «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңы.
Өтетін орны: Шымкент қ., Диваев көш., 148-үй (2-қабат, 13-кабинет).
Басталуы: 09:00 сағат.
Байланыс деректері: «ҚазСтИн» РМК Оңтүстік-Қазақстан филиалы, телефон:
8 /7252/ 39 46 70; 39 39 14.