АЛМАТЫДА ОТАНДЫҚ ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРМЕН ЖҰМЫСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АЛМАТЫДА ОТАНДЫҚ ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН ӨНДІРУШІЛЕРМЕН ЖҰМЫСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2018 жылдың 26 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «Сантех-Строй Алматы Ко» ЖШС кәсіпорын басшысымен жұмыстық кездесу өтті.

Кездесу барысында «Сантех-Строй Алматы Ко» ЖШС кәсіпорын басшысымен заңнамалық өзгерістерді енгізуді көздейтін техникалық реттеу және метрология саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді айтып өтті.

Сонымен қоса, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты, атап айтқанда өлшем құралдарын тексеруден калибрлеуге өткізу, мемлекеттік реттеуге жататын өлшем құралдарының Тізбесін талқылады.

Кездесудің нәтижесі бойынша департамент басшысымен «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңынын және ӨҚ тексеру кезіндегі негізгі стандарттардың талаптарын айтып өтті.