
2018 жылғы 25 шілдеде ТРМК ШҚО бойынша департаментінің мамандары Кеден одағының техникалық регламенттерін «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Тамақ өнімдерін таңбалау» және техникалық реттеу мен өлшем бірлігі мәселелері жөніндегі заңнаманы түсіндіру мақсатында «Гранд Фиш» ЖШС өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Кәсіпорын радуждық форель өсіріп, одан әрі уылдырық өндіру үшін шабақтарды өсірумен айналысады. Сондай-ақ шабақ цехын салу жоспарланып отыр.
Кәсіпорынның басшылығы мен мамандарына балық өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау, сату және балық өнімдерін жою, балық өнімдерін таңбалау және қаптау процестеріне қойылатын талаптар түсіндірілді.
Кездесу барысында кәсіпорыннан орамалардағы буып – түйілген өнімдер бойынша сұрақтар қойылды. Сонымен қатар өндірістің нормативтік қамтамасыздандыруы туралы мәселе көтерілді. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға департамент мамандарымен сәйкесінше жауап берілді.