«АСЫЛ-КУАТ» ЖШС-НА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«АСЫЛ-КУАТ» ЖШС-НА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2019 жылдың 10 шілдесінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Асыл-Қуат" ЖШС (бұдан әрі-ЖШС) болып қайтты.

Мемлекеттік инспектор Асқарбек Базарбаев «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне» енгізілген өзгерістермен, оның ішінде  бақылаудың жаңа түрі алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылаумен таныстырды.

Кездесу нәтижесінде, «Асыл-Қуат» ЖШС қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» жаңа Заңының талаптары түсіндірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат жеткізілді. 

Мемлекетаралық және ұлттық стандарттарды қолдану, дайын өнімді таңбалау, сондай-ақ Қазақстанның «Doing Business» рейтингіде сапа инфрақұрылым сапасы құралдарын қолдану арқылы «Ішкі нарықта жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторы деңгейін жақсарту мақсатындағы жұмыстар бойынша ақпарат жеткізілді.

Осы кездесудің қортындысы бойынша ашық диалогтар пен пікір алмасулар орын алды.