ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН ОЙЫН АТТРКЦИОНДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ

ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН ОЙЫН АТТРКЦИОНДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ

Облыс әкімінің   орынбасары М.Имандосовтың төрағалығымен  және техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаменті  «Облыс аумағында орналасқан ойын аттркциондарының қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарын  талқылау мақсатында облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырыс өткізді. Отырыс облыс әкімінің орынбасары төрағалығымен,  Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері,облыстық басқармалар, қалалық мәдениет және демалыс паркі, «ҚазСтИн» РМК Қызылорда филиалымен, жеке кәсіпкерлер өкілдерінің  қатысуымен өтті.

Отырыстың мақсаты– «Облыс аумағында орналасқан ойын аттракциондарының қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарын  талқылау. Департамент қызметкерлері «Облыс аумағында орналасқан ойын аттркциондарының қауіпсіздігі туралы» ҚР СТ негізгі талаптарын түсіндірді, атап айтқанда жергілікті атқарушы органда аттракционды есепке қою, аттракциондарды іске қосу, пайдалануға және аттракциондарды техникалық куәландыру. Жергілікті атқарушы органдармен аттракциондарды тіркеу сәтінен белгіленген тәртіппен пайдалануға рұқсат алу сәтіне дейін қозғалады.

Облыс әкімінің орынбасары Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандартын басшылыққа ала отырып, олардың жаңа стандартқа сай орнатылуын қадағалауын, аттракциондарға рұқсат беру, оларды есепке алу және әрі қарай қадағалау міндеттерін белгілі бір мемлекеттік органға жүктелуін, аттракциондардың қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында өзара іс-қимылды реттеп, жауапкершілігін бекіту  мақсатында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырыстарын өткізілуі бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша  департаментіне, «ҚазСтИн» РМК Қызылорда филиалына, қала және аудан әкімдерімен бірлесіп, ойын-сауық аттракциондарымен айналысатын кәсіпкерлер арасында аттракциондар қауіпсіздігі жәнінде қабылданған ұлттық стандарт бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, операторларды оқытуды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді жүктеді. Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі облыстық жұмылдыру дайындығы кәсіпкерлік және туризм басқармаларымен бірлесіп, «Аттракциондардың қауіпсіздігі. Аттракциондарды пайдалануға беру және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандартына сілтеме жасай отырып, жергілікті атқарушы органмен тиісті нормативтік құқықтық актінің қабылдануы бойынша ұсыныс беруін, облыстық ішкі саясат басқармасына  аттракциондардағы сақтық шаралары жөніндегі үгіт-насихат жадынамаларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауды қамтамасыз етілуін  тапсырды.