АТРАКЦИОНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҮРАЛЫ

АТРАКЦИОНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТҮРАЛЫ

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Қапшағай қаласындағы демалыс аймағында «Атракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары» туралы ұлттық стандарттардың талаптарын түсіндіру жұмыстарын өткізді.

 Департамент қызметкелері демалыс аймағында қызмет көрсетіп жатқан кәсіпкерлерге ұлттық стандарттың негізгі талаптарын түсіндіріп сонымен қатар  жергілікті артқарушы органдарға тіркелуі қажеттігін атап өтті. Аттракциондар қолдану уақытында толық, мерзімді және ішінара техникалық тексерулерден өтілуі қажет. ҚР СТ 3359-2019 талаптарына сәйкес, қауіпсіздік бойынша техникалық және ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу арқылы аттракциондағы қызмет көрсететін қызметкерлердің және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы меншік нысанына қарамастан қолданылатын аттракциондардың қауіпсіздігіне қолданатын ұйымның басшысы немесе меншік иесі жауапты екендігі түсіндірілді.