
ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Кәсіпкерлер палатасы мен Балқаш қаласының кәсіпкерлік бөлімінің қатысуымен аттракциондар иелері - кәсіпкерлер үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Департамент маманы Ирина Щербакова қатысушыларға ЕАЭО 038/2016 «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарын және 2019 жылдың 01 шілдесінен бастап қолданысқа енген ҚР СТ 3359-2019 «Аттракциондарды пайдалануға беру және пайдалануға беру кезіндегі қауіпсіздік талаптары» ұлттық стандартының талаптарын жеткізді. Аттракциондарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету тәртібі туралы толығырақ айтып берді: монтаждау, техникалық куәландыру, пайдалануға рұқсат беру, жергілікті атқарушы органдарға есепке қою. Сондай-ақ, ұлттық стандартқа сәйкес пайдаланушы ұйымның иесі немесе басшысы тұтынушы алдында аттракционды қауіпсіз пайдалану үшін жауапты екенін атап өтті.
Кәсіпкерлердің назары аттракциондарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мақсатында, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін ұлттық стандартты қолдану бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен одан әрі өзара іс-қимыл жасауға баса назар аударылды.
