
2018 жылғы 27 шілдеде ТРМК Шығыс Қазақстан облыстық Департаментінің Семей қалалық бөлімі және Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты қалалық өкілдігінің мамандары бірігіп, «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ өкілдерімен жұмыс жиынын өткізді.
Департамент мамандары «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Астық қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттеріне қойылатын талаптарды түсіндірді. Аталған техникалық регламенттердің стандарттар тізімдері қарастырылды.
Семей бөлімінің басшысы Ракш Шумаев стандарттар тізімі зерттеулердің (сынақтардың) әдістері мен ережелерін, соның ішінде қолдану және талаптарды орындау үшін қажетті сынамаларды іріктеу ережелерін қамтитындығын түсіндірді. Өнімдердің сәйкестігін растау кезінде КО ТР стандарттары Тізбесінде көрсетілген стандарттарды нұсқаулыққа алу қажеттігін де айтты.
Сондай-ақ, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 12 бабы, ҚР СТ 2.18-2009 «Өлшеуді орындау әдістері. Құрастыру тәртібі, метрологиялық аттестация, тіркеу және қолдану» талаптары түсіндірілді.
Заңнамаға сәйкес, кәсіпорын өлшем бірліктерімен қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне тіркелу арқылы, өлшеу жұмыстарын орындаудың өз әдістемесін әзірлей алады.
Жиналыс соңында кәсіпорын өкілдерінің сұрақтарына толық ақпарат берілді.