МАҢҒЫСТАУДА 2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖОСПАРЫ ҚАРАЛДЫ

 МАҢҒЫСТАУДА 2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАУ ЖОСПАРЫ ҚАРАЛДЫ

2018 жылғы 27 шілдеде ТРМК Маңғыстау облысы бойынша Департаменті «ҚазСтИн» РМК-мен бірлесіп «2018 жылғы мемлекеттік стандарттау Жоспарына енгізілген импорт алмастырушы стандарттар жобаларын, инновациялық және инвестициялық жобаларды және отандық өндірушілерді қолдауды қамтамасыз ететін стандарттарды қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Отырыста импорт алмастырушы стандарт жобалары, инновациялық және инвестициялық жобаларды және отандық өндірушілерді қолдауды қамтамасыз ететін стандарттар, барлығы 133 стандарт қарауға ұсынылды.

Отырыс барысында су сапасын анықтау бойынша ұлттық стандарттар жобалары, блокты-модульді ғимараттар, жер асты, су асты құбырларын қорғайтын материалдар туралы бірқатар стандарттар, қабырғаға арналған үшқабатты жылу сақтайтын тастар (алғаш рет әзірленген), бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар туралы ұлттық стандарттардың жобаларының таныстырылымы қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар, ҚР СТ талдау жүргізу, одан әрі кәсіпорындарға енгізу мақсатында, 2015-2017 жылдар кезеңінде қабылданған Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары туралы ақпарат берілді.

Соңында http://memst.mid.gov.kz/ сайтында жұмыс істеп, стандарттар жобаларын жүктеу бойынша, www.egfntd.kz жұмыс істеп және оларды мүдделі тараптардың жеке және егжей-тегжейлі қарау мақсатында, стандарттардың қолжетімділігі, нормативтік құжаттар одан әрі сатып алу бойынша көрнекі ақпарат берілді.

Жалпы қатысушылар тарапынан ұсынылған ұлттық стандарттар жобаларына ұсыныстар мен ескертулер болмады. Өңірдің ұйымдары/кәсіпорындарымен техникалық реттеу, стандарттау мәселелері бойынша ДҮ отырыстары, одан әрі ақпарат ұсыну форматында жұмыстар жалғасатын болады.

В Мангистау рассмотрен план государственной стандартизации на 2018 год