
30-шілде күні Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде құқықтық білім беру аясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексін түсіндіру жөнінде техникалық оқу өткізілді.
Техникалық оқу барысында Департамент мамандарына қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі заңнама нормалары мен мінез-құлық стандарттар нормалары түсіндірілді.
Техникалық оқудың мақсаты мамандардың білім деңгейін көтеру, жұмыс орындарында және қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметшілердің этикаға қайшы әрекеттерін болдырмау. Өйткені, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттің айнасы және қоғамдық көзқараста, қоғамдық орындарда мінез-құлықтың үлгісі болуы керек.
Қорытындысында қызметтік міндеттерді орындау кезінде Заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын теріс қылықтар мен басқа да құқық бұзушылықтарға жол берілмеуін және мемлекеттік инспекторлардың этикалық нормаларды сақтауын қадағалау тапсырылды.