
Алматы қаласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі «Темір бетон-1» ЖШС-де Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ОФ, «Қазақстан метрология институты» РМК ОФ-ның қызметкерлерімен бірлесіп, 2018 жылдың 31 шілдесінде «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұдан бөлек, кәсіпорын қызметкерлерінің назарына азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған және өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғау қажеттілігі туралы заңнаманың мақсаты мен міндеттері түсіндірілді.
Кездесу барысында мемлекеттік метрологиялық бақылау саласы туралы да айтылды. Онда өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға рұқсат етілген өлшем құралдарын қодануға болатыны түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері техникалық реттеу және метрология жөніндегі нормативтік құжаттарға қатысты сұрақтарға жауап берді.