
Бүгін Маңғыстау облысы бойынша ТРМК департаментінде «Мемлекеттік қызметшілердің ресми этика нормаларының бұзылуын болдырмау туралы» жиналыс өтті.
Отырысты Департамент басшысы Тлектес Атчибаева ашты. Ол Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормалары (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бойынша айтты.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер мен қызметтік әдеп нормаларын бұзу осы Заңда белгіленген тәртіптік жазаға әкеп соғады.Әдеп кодексінің талаптарын және нормаларын бұзған жағдайда, мемлекеттік қызметкерлерге заңда белгіленген тәртіптік жаза қолданылады.
Семинардың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің ресми этикасының нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру, қызметте сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу Департамент мамандарына тапсырылды.
