
Биыл тамыздың 2 күні Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаменті мен Қазақстанның стандарттау және сертификаттау институтының мамандары «ХПП ТНС-Экспорт» ЖШС-де болып қайтты.
Кездесудің мақсаты техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарын нақтылау, стандарттау және өлшеу бірлігін қамтамасыз ету, актуалды нормативтік техникалық құжаттарды түсіндіру.
«ХПП ТНС-Экспорт» ЖШС 2014 жылы құрылды. Қуаты 120 мың тонна болатын элеватор барлық қызметтерді көрсетеді: қабылдау, жұмыс істеу, кептіру, сақтау, бидайды және майлы дақылдарды түсіру.
Кәсіпорындағы барлық техникалық процесстер автоматтандырылған, операторлық пульт арқылы жұмыс атқарылады. Элеватор энергияны үнемдеуді 3-4 есеге азайтатын жаңа инновациялық энергия үнемдейтін технологияларды пайдаланады. Элеватордың зертханасы аккредиттелген.
Кездесу қорытындысы бойынша бас маман Алина Белогонова өлшеу құралдарын тексеру тәртібі туралы, нормативтік құжаттарды пайдалану және жаңарту туралы ұсыныстар берді.