БҚО-ДА КӨЛІК ҚҰРАЛЫНДАҒЫ ГАЗ БАЛЛОНДЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ӨТТІ

 БҚО-ДА КӨЛІК ҚҰРАЛЫНДАҒЫ ГАЗ БАЛЛОНДЫ ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕҢЕС ӨТТІ

2018 жылғы 2-тамызда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің БҚО бойынша департаментінде көлік құралындағы газ баллонды құрылғының сәйкестігін растау мәселелері бойынша кеңес өтті.

Іс-шараға БҚО ІІД  Әкімшілік полиция басқармасының, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаменті, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және жеке кәсіпкерлік субъектілері – автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу станцияларының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің (КО ТР 018/2011) талаптары, атап айтқанда көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу, газ баллонды құрылғыларды орнату кезінде көлік компоненттерінің сәйкестігін растауға қатысты техникалық талаптар талқыланды.

Сонымен қатар, күн тәртібіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына сәйкес көлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізу мәселелері қосылды.

Бүгінгі күні осы саланы реттейтін заңға тәуәлді НҚА және газ баллонды құрылғыны орнату, баллонды қысыммен тексеру жөнінде уәкілетті органдарға қойылатын біліктілік талаптары жоқ.

Жиын соңында осы мәселені өңірлік штабтың алдағы отырысына шығару жөнінде шешім қабылданды.

В ЗКО состоялось совещание касательно безопасности газобаллонного оборудования на транспорном средстве