
2018 жылғы 3-тамызда ТРМК БҚО бойынша департаментінің және «ҚазСтИн» РМК БҚФ өкілдері техникалық реттеу және метрология заңнамаларын түсіндіру мақсатында «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ-на барып қайтты.
Компания жоғары сапалы силикат кірпіш шығарады. Силикат кірпіш шығару біржақты қысу арқылы «CRUPP» РА-550 фирмасының тығыздау құралында және екіжақты қысу арқылы KSP-801 неміс қысып тығыздау құралымен жүзеге асырылады. Техникалық сипаттамалары ГОСТ 379-95 талаптарына сай.
Компания екі түрлі жоғары сапалы әктас – құрылыстық кесек әктас пен құрылыстық ұнтақталған әктас және бірнеше түрлі: қалау, желім, тегістеу және басқа құрғақ құрылыс қоспаларын сатады.
Кездесу барысында «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті түсіндірілді, ЕурАзЭО «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің жобасы талқыланды және Бірыңғай нормативтік-техникалық құжаттардың мемлекеттік қоры туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, кәсіпорынға техникалық реттеу заңнамасына сәйкес отандық өнімді каталогтау жүйесінде тіркеу ұсынылды.
Сонымен қатар, департамент басшысы Салават Вахитов өлшем құралдарын мерзімдік салыстырып тексеруге, сынау жабдықтарын аттестаттауға қатысты метрология саласындағы заңнама талаптарын түсіндірді.
Кездесу соңында компания қызметкерлері ұсынылған ақпараттар үшін алғыстарын білдірді.

