
2018 жылдың 7 тамызында техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «АзияАгроФуд» АҚ-ың ұжымымен кездесуі өткізді.
Кездесудің мақсаты техникалық реттеу және метрология саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын түсіндіру.
«АзияАгроФуд» АҚ негізгі қызметі - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, жинау, өңдеу және сату.
Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік өнімдерінің тізілімін қалыптастыру және тізілімін жүргізу мәселелері бойынша да бірқатар мәселелер қаралды.
Оған қоса, департамент басшысының м.а. Бибигүл Омарова техникалық реттеу туралы заңнаманың нормаларын, Еуразиялық экономикалық комиссиядан алынған құжаттарды жылдам қарауды және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін есепке ала отырып, оларға ұсыныстар дайындауды хабардар етті.
Кездесу соңында кәсіпорын өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауаптар берілді.