
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы ISO/IEC 17025-2017 «Сынақ және калибрлі зертханалардың құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» жаңа нұсқасын оқыту семинарлары циклін өткізуді жалғастыруда.
Қазіргі кезде осы стандарт бойынша 273 маман оқытудан өтті, оның 21-і бюджеттік бағдарлама аясында тегін оқып шықты. Оқыту семинарлары Ақтау, Атырау, Павлодар, Қарағанды қалаларында өтті. Семинарды лекторлар Ұлттық аккредиттеу орталығының жетекші бағалаушысы Амангелді Құлсейітов (Ақтау қ.), өзге өңірлерде Ұлттық аккредиттеу орталығы Сәйкестікті бағалау басқармасының Сынақ зертханаларын бағалау бөлімінің басшысы, жетекші-бағалаушы, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор Салтанат Кенжибаева өткізді. Лекторлардың өздері осы стандарт бойынша халықаралық деңгейдегі тәуелсіз консультант-сарапшы Тибора Цохераның оқу курсынан өтті. Бұдан өзге, Салтанат Кенжибаева Бангкокте (Тайланд) жаңа стандарт бойынша қосымша оқып шықты.
ISO/IEC 17025-2017 «Сынақ және калибрлі зертханалардың құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» жаңа нұсқасын оқытуды осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында Өскемен, Қостанай, Тараз, Шымкент, Алматы және Көкшетау қалаларында өткізу жоспарлануда.
Келесі жылы ISO/IEC 17025-2017 «Сынақ және калибрлі зертханалардың құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» жаңа нұсқасына өту кезеңі аяқталып, сынақ зертханалары толығымен түпкілікті стандарттың жаңа нұсқасына өткен соң өңірлердегі мамандарды оқыту қайтадан жанданатын болады.